Оқу уақыты: 4 минут
Жүктіліктің 7-аптасы — қанша ай?
2-ай (1-триместр)
Баланың 7-аптада дамуы
Сіздің сәбиіңізде қолдың бастамалары пайда болады және жалпақ, қалақ тәрізді алақандар пайда болады1.
Йод
Неліктен йод қоспаларын күнделікті қабылдау туралы ойлану керектігін біліңіз2.
Жақсы тамақтану
Сіздің сәбиіңіздің сау болашағын қамтамасыз ету үшін жүктілік кезінде дұрыс, теңдестірілген диетаны ұстаныңыз.
Баланың 7-аптада дамуы
Менің баламның мөлшері қандай? Және ол қалай көрінеді?
Жүктіліктің 7-аптасында Сіздің балаңыздың шамамен мөлшері — 4-10 мм2, бұл көкжидек мөлшерлес. Сыртқы жағынан ол кішкентай адамға көбірек ұқсайды3, оның қолының бастамалары ұзарады, жалпақ, қалақ тәрізді алақандар пайда болады2.
Бұл кезеңде Сіздің балаңыздың басы денесіне қарағанда тез өседі: бұл мидың тез және қарқынды өсуіне байланысты болады2. Баланың жүрегі де дамуын жалғастырады және оң және сол жақ камераларға бөлінеді. Сонымен қатар, өкпеде тыныс алу жолдары қалыптаса бастайды, олар уақыт өте келе бронхтардың күрделі желісіне айналады3.
Егер Сіз балаңыздың бетін көре алсаңыз, онда Сіз екі кішкентай танауды да байқай аласыз. Осы аптада сәбидің аузы да қалыптаса бастайды — ерні, тілі, болашақ тістердің бастамалары пайда болады1. Сонымен қатар, көздер мен ішкі құлақтың құрылымы да дами береді, бірақ олар біраз уақыттан кейін ғана дұрыс жұмыс істей бастайды2.
Жүктіліктің 7-аптасы (бірінші триместр)
Менің денеммен не болып жатыр?
Іштің кебуі — 7-аптада жиі кездесетін құбылыс болса да, жүктіліктің көзге байқалуы екіталай және оны іштің дөңгелектенуі арқылы танып білуге болады.
Жүктіліктің 7-аптадағы белгілері
Барлық жүкті әйелдер жүктіліктің әртүрлі белгілерін көрсетеді. 6-аптада Сіз төмендегі белгілердің кез келгенін сезінуіңіз мүмкін немесе Сізде олардың ешқайсысы байқалмауы да мүмкін:
Сіздің омырауларыңыздың өлшемі үлкейіп, ауырсыну сезімі пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, емізіктеріңіз әдеттегіден көбірек шығып, қарайлана бастағанын байқай аласыз, — осылайша Сіздің денеңіз емізуге дайындала бастайды.
Алғашқы 12 аптада гормондық өзгерістер Сізді шаршау немесе әлсіреу сезімін тудыруы мүмкін.
Болашақ аналардың 80%-ы бірінші триместрде таңертең өзін нашар сезіну мен жүрек айнуын сезінеді6. Бұл жағдай тәуліктің кез келген уақытында пайда болуы мүмкін және жүрек айнуының жеңіл ұстамаларынан бастап күні бойы жүрек айну сезіміне дейін әртүрлі жолдармен байқалуы мүмкін.
Прогестерон — жүктілік гормоны — ас қорытуды баяулатады, бұл іштің кебуіне және газдың артық түзілуіне әкелуі мүмкін7.
Жеңіл құрысулар мен қан бөліністері жүктіліктің басында жиі кездеседі8,9. Алайда, егер ауырсыну күшейе түссе (етеккір кезіндегі құрысулардан күштірек) немесе көп қан кетсе, Сізге өз терапевтіңізге жүгіну керек.
Дәретханаға жиі бару — ерте жүктіліктің ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Себебі жатыр өсіп, қуыққа қысым жасай бастайды.
Жүктілік гормондары — эстроген және прогестерон — деңгейі алғашқы 12 аптада тез көтеріледі10 және Сіздің эмоцияларыңызға қатты әсер етеді. Демалу және шамалы физикалық белсенділік Сізге эмоциялық тұрақтылықты сезінуге мүмкіндік береді.
Йодқа назар аударыңыз
Йод — бұл мидың сау дамуы үшін маңызды микроэлементтер10, ол балық, сүт және ірімшік сияқты тағамдар құрамында көп кездеседі. Йод көптеген тағамдар құрамында болса да, ғылыми зерттеу йод тапшылығы Қоғамдық денсаулық мәселесі екенін көрсетті11. Егер Сіз йодты жеткілікті мөлшерде алатындығыңызға сенімді болмасаңыз, дәрігеріңізбен немесе акушер-гинекологыңызбен құрамында йод бар қоспаларды қабылдау туралы сөйлесіңіз.
Егер Сіз йодты жеткілікті мөлшерде тұтынатыңызға сенімді болмасаңыз, дәрігеріңізбен немесе акушер-гинекологыңызбен құрамында йод бар қоспаларды қабылдау туралы сөйлесіңіз.
Кәдімгі тұзды йодталған тұзға ауыстыру — йодты тұтынуды арттырудың тамаша тәсілі. Сондай-ақ рационыңызға келесі тағамдарды қосу арқылы йод деңгейін арттыруға болады12, 13:
- Haddock пикша балығы
- Нәлім
- Асшаяндар және жүктілік үшін қауіпсіз басқа теңіз өнімдері (шикі тұтынбаңыз — олардың пісірілгеніне көз жеткізіңіз)
- Сүт
- Йогурт
- Теңіз балдыры
Ғылыми түсініктеме
ЙОД
Йод қалқанша безінің гормондарын өндіруге көмектеседі14, ал ол метаболизмді реттейді және жасушалардың саулығын сақтайды15. Йод сонымен қатар когнитивті функцияларды қалыпқа келтіруге ықпал ететіні дәлелденді14. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар йод жүктілік кезінде бұрын ойлағаннан да маңызды болуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Қазіргі уақытта 19 бен 50 жас аралығындағы әйелдерге ұсынылатын йодтың тәуліктік мөлшері 0,14 мг құрайды16. Осы микроэлементтің қажетті мөлшерін тұтыну жүктілік кезінде Сіздің балаңыздың сау өсуіне, сондай-ақ Сіздің қалқанша безінің өз гормондарыңызды реттеуге көмектеседі.
Жүктілік кезінде салмақтың қандай өсуі оңтайлы болып саналады?
Жүктілік кезінде салмақ қосу жүктілікке дейінгі сіздің салмағыңызға байланысты және әйелдер арасында әртүрлі болуы мүмкін. Болашақ аналардың көпшілігі жүктілік кезінде 10 кг-нан 12,5 кг-ға дейін салмақ қосады, оның бір бөлігі өсіп келе жатқан баланың салмағын құрайды13.
Егер Сіз терапевтке әлі де бармаған болсаңыз, Сізге оның босанғанға дейінгі бақылауды, соның ішінде алғашқы ультрадыбыстық сканерлеуді жоспарлай бастауы үшін қабылдауға жазылу керек.
- 1. Deans A. Your New Pregnancy Bible, The experts’ guide to pregnancy and early parenthood. 4th ed. London: Carroll & Brown Publishers Limited, 2013. p. 32.2. NHS UK. You and your baby at 0-8 weeks pregnant [Online]. 2013. Available at: www.nhs.uk/conditions/pregnancy-and-baby/pages/pregnancy-weeks-4-5-6-7-8.aspx [Accessed September 2019]
3. Curtis GB, Schuler J. Your pregnancy week by week. 7th ed. Cambridge: Fisher books, 2011. p. 98-9.
4. NHS. Signs and symptoms of pregnancy [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/conditions/pregnancy-and-baby/signs-and-symptoms-pregnancy/ Page last reviewed: 6 October 2018. Next review due: 6 October 2021.
5. Noel M. Lee, M.D., Gastroenterology Fellow and Sumona Saha, M.D., Assistant Professor of Medicine. Nausea and Vomiting of Pregnancy. 2011. Pub 2013. [Online] Available at: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC3676933/
6. NHS Start 4 Life. 1st trimester, week 10 [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/start4life/pregnancy/week-by-week/1st-trimester/week-ten/
7. NHS. Vaginal bleeding in pregnancy [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/conditions/pregnancy-and-baby/vaginal-bleeding-pregnant/ Page last reviewed: 26 January 2018. Next review due: 26 January 2021.
8. NHS. Stomach pain in pregnancy [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/conditions/pregnancy-and-baby/stomach-pain-abdominal-cramp-pregnant/ Page last reviewed: 1 May 2018. Next review due: 1 May 2021.
9. Claudio N. Soares and Brook Zitek. Reproductive hormone sensitivity and risk for depression across the female life cycle: A continuum of vulnerability? 2008. [Online] Available at: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC2440795/
110. NHS. Iodine supplements could help mums, babies and the economy [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/
11. Bath SC, Rayman MP. Is iodine deficiency during pregnancy a public health concern in the UK? Nutr Bulletin 2013;38(4):400-404.
12. Gandy J (ed). Manual of Dietetic Practice. 5th ed. Oxford: Wiley Blackwell. 2014. p. 759.
13. BDA. Iodine fact sheet [Online]. Available at: www.bda.uk.com/foodfacts/Iodine
14. European Union. Commission Regulation (EU) No 432/2012 of 16 May 2012 establishing a list of permitted health claims made on foods, other than those referring to the reduction of disease risk and to children’s development and health text1 with EEA relevance. OJ L 136 2012;1-40.
15. NHS UK. Iodine – Vitamins and minerals [Online]. 2012. Available at: www.nhs.uk/Conditions/vitamins-minerals/Pages/Iodine.aspx Page last reviewed: 3 March 2017. Next review due: 3 March 2020.
16. Department of Health. Report on Health and Social Subjects 41. Dietary Reference Values for Food Energy and Nutrients for the United Kingdom. London: TSO, 1991.
17. NHS choices. How much weight will I put on during my pregnancy? [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/chq/Pages/2311.aspx?CategoryID=54 Page last reviewed: 18 October 2018. Next review due: 18 October 2021.
3. Curtis GB, Schuler J. Your pregnancy week by week. 7th ed. Cambridge: Fisher books, 2011. p. 98-9.
4. NHS. Signs and symptoms of pregnancy [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/conditions/pregnancy-and-baby/signs-and-symptoms-pregnancy/ Page last reviewed: 6 October 2018. Next review due: 6 October 2021.
5. Noel M. Lee, M.D., Gastroenterology Fellow and Sumona Saha, M.D., Assistant Professor of Medicine. Nausea and Vomiting of Pregnancy. 2011. Pub 2013. [Online] Available at: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC3676933/
6. NHS Start 4 Life. 1st trimester, week 10 [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/start4life/pregnancy/week-by-week/1st-trimester/week-ten/
7. NHS. Vaginal bleeding in pregnancy [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/conditions/pregnancy-and-baby/vaginal-bleeding-pregnant/ Page last reviewed: 26 January 2018. Next review due: 26 January 2021.
8. NHS. Stomach pain in pregnancy [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/conditions/pregnancy-and-baby/stomach-pain-abdominal-cramp-pregnant/ Page last reviewed: 1 May 2018. Next review due: 1 May 2021.
9. Claudio N. Soares and Brook Zitek. Reproductive hormone sensitivity and risk for depression across the female life cycle: A continuum of vulnerability? 2008. [Online] Available at: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC2440795/
110. NHS. Iodine supplements could help mums, babies and the economy [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/
11. Bath SC, Rayman MP. Is iodine deficiency during pregnancy a public health concern in the UK? Nutr Bulletin 2013;38(4):400-404.
12. Gandy J (ed). Manual of Dietetic Practice. 5th ed. Oxford: Wiley Blackwell. 2014. p. 759.
13. BDA. Iodine fact sheet [Online]. Available at: www.bda.uk.com/foodfacts/Iodine
14. European Union. Commission Regulation (EU) No 432/2012 of 16 May 2012 establishing a list of permitted health claims made on foods, other than those referring to the reduction of disease risk and to children’s development and health text2 with EEA relevance. OJ L 136 2012;1-40.
15. NHS UK. Iodine – Vitamins and minerals [Online]. 2012. Available at: www.nhs.uk/Conditions/vitamins-minerals/Pages/Iodine.aspx Page last reviewed: 3 March 2017. Next review due: 3 March 2020.
16. Department of Health. Report on Health and Social Subjects 41. Dietary Reference Values for Food Energy and Nutrients for the United Kingdom. London: TSO, 1991.
17. NHS choices. How much weight will I put on during my pregnancy? [Online]. Available at: https://www.nhs.uk/chq/Pages/2311.aspx?CategoryID=54 Page last reviewed: 18 October 2018. Next review due: 18 October 2021.
Соңғы жаңарту: 2019 жылғы 23 желтоқсан