Құпиялылық саясаты
Бұл құпиялылық туралы мәлімдеме соңғы рет 2026 жылғы 15 қазанда жаңартылды.
Кіріспе
Nutricia Сіздің дербес деректеріңіздің қалай пайдаланылатыны Сіз үшін маңызды екенін біледі, және біз Сіздің құпиялылығыңызды қорғаудың маңыздылығын түсінеміз.
Осы Құпиялылық туралы мәлімдемеде Nutricia Export B.V. компаниясы және оның барлық еншілес компаниялары («Nutricia») Сіздің дербес деректеріңізді қалай жинайтыны және басқаратыны түсіндіріледі. Онда біз қандай деректерді жинайтынымыз, оларды қалай пайдаланатынымыз, олар бізге не үшін қажет екені және олар Сізге қалай көмектесе алатыны туралы ақпарат бар.
Егер Сізде қандай да бір сұрақтар мен түсініктемелер болса немесе деректер субъектісінің қандай да бір құқықтарына қатысты сұрау жасағыңыз келсе, бізбен байланысыңыз.
Негізгі қағидаттар және біздің құпиялылыққа қатысты міндеттемеміз
Nutricia-да біз Сіздің құпиялылыққа құқығыңызды қорғауға ұмтыламыз. Біз өзіміз сақтайтын кез келген дербес деректерді қорғауға, Сіздің дербес деректеріңізді жауапкершілікпен басқаруға және өз қызметімізде ашық болуға тырысамыз. Сіздің сеніміңіз біз үшін маңызды. Сондықтан біз мына негізгі қағидаттарды ұстануға міндеттеме алдық:
- Сіз біз сұраған қандай да бір дербес деректерді беруге міндетті емессіз. Алайда, егер Сіз мұны істемеуді шешсеңіз, біз Сізге кейбір қызметтерді немесе өнімдерді ұсына алмаймыз;
- Біз Сіздің деректеріңізді тек осы Құпиялылық туралы мәлімдемеде көрсетілген мақсаттар үшін немесе біз Сізге хабарлайтын және/немесе Сіз келісім берген нақты мақсаттар үшін жинаймыз және өңдейміз;
- Біз мүмкіндігінше аз дербес деректерді жинауға, өңдеуге және пайдалануға тырысамыз;
- Сіздің дербес деректеріңізді жинаған кезде біз оларды барынша дәл және өзекті күйде ұстауға тырысамыз;
- Егер біз жинайтын дербес деректер бұдан былай ешқандай мақсат үшін қажет болмаса және біз оларды заң бойынша сақтауға міндетті болмасақ, біз оларды жою, құрту немесе біржола иесіздендіру үшін барлық мүмкін шараларды қолданамыз;
- Сіздің дербес деректеріңіз осы Құпиялылық туралы мәлімдемеде сипатталған жағдайлардан басқа кезде берілмейді, сатылмайды, жалға берілмейді немесе жария етілмейді.
В оригинале у пунктов списка разная пунктуация в конце: где-то точка с запятой, где-то точка. В переводе я сделала единообразно: точка с запятой у всех пунктов и точка у последнего. В русской версии стоит поправить так же.
Біз қандай дербес деректерді жинаймыз?
Біз жинайтын дербес деректер жинау мақсатына және біз Сізге ұсынатын өнімге немесе қызметке байланысты әртүрлі болады.
Әдетте біз Сізден тікелей мынадай дербес деректер түрлерін жинай аламыз:
- жеке байланыс деректері, мысалы, Сіздің атыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз, нақты мекенжайыңыз және телефон нөмірлеріңіз;
- тіркелгіге кіру деректері, мысалы, Сіздің пайдаланушы идентификаторыңыз, электрондық поштадағы пайдаланушы атыңыз және құпиясөзіңіз. Бұл біздің онлайн-қауымдастықтарымыздың бірінде жеке пайдаланушы тіркелгісін жасау үшін қажет;
- бізбен қарым-қатынас, оған чаттағы, қызмет көрсету желілеріндегі және/немесе тұтынушыларға қызмет көрсету желілеріндегі әңгімелеріміздің мәліметтері кіруі мүмкін;
- демографиялық ақпарат, мысалы, Сіздің жасыңыз, жынысыңыз және өмір салты бойынша қалауларыңыз. Өмір салты бойынша қалауларға біз ұсынатын кейбір өнімдерге қатысты қалауларыңыз және осы өнімдерге байланысты қызығушылықтарыңыз кіруі мүмкін;
- браузер тарихы, мысалы, қаралған беттер, кіру күні, кіру кезіндегі орналасқан жер және IP-мекенжай;
- біздің интернет-дүкендеріміздің бірінде жасалған сатып алулар үшін төлем ақпараты. Төлем ақпараты әдетте Сіздің төлеушінің атымен, төлем мекенжайымен және төлем деректерімен, мысалы, кредит картаңыздың деректерімен немесе банк шотының нөмірімен байланысты;
- Сіздің денсаулығыңызға қатысты ақпарат;
- Сізден басқа адамдар туралы ақпарат, мысалы, Сіз мұндай ақпаратты бізге тікелей берген кезде отбасы мүшелеріңіз туралы дербес деректер;
- басқа адамдардың дербес деректері бойынша ақпарат, мысалы, Сіз мұндай ақпаратты бізге тікелей берген кезде балаларыңыздың саны, жүктілігіңіздің саны, босанудың болжамды күні, балаңыздың нақты туған күні, бала нәжісінің суреті, тамақтандыру туралы ақпарат (мысалы, емшек сүті, аралас тамақтандыру немесе басқа әдістер);
- Сіз бұл ақпаратты бізге тікелей берген кезде отбасы мүшелеріңіз туралы дербес деректер;
- әлеуметтік желілердегі профильдер;
- егер Сіз бізге жұмысқа орналасу туралы өтініш берсеңіз, біз қосымша дербес деректерді, мысалы, Сіздің жұмыс тарихыңызды, білім алу тарихыңызды және жұмыс берушілердің ұсынымдарын жинаймыз.
Біз сондай-ақ Сіз туралы дербес деректерді жанама түрде мына жағдайларда жинай аламыз:
- Сіз біздің өнімдерімізге байланысты әлеуметтік желі беттерінде, веб-сайттарда немесе қосымшаларда не әлеуметтік желілердегі жарнамалық материалдарымызға жауап ретінде мазмұнмен бөлісесіз; немесе
- біз басқа веб-сайттар жинаған ақпаратты зерделей отырып, Сіз туралы дербес деректерді оқимыз немесе жинаймыз (мысалы, біз үшінші тарап веб-сайтында жарнама орналастыруымыз мүмкін, және Сіз осы жарнаманы басқан кезде, біз осы жарнаманың қамтуы мен табыстылығын өлшеу үшін Сіз және веб-сайттың басқа келушілері туралы ақпарат ала аламыз).
Біз Сіздің дербес деректеріңізді не үшін жинаймыз және пайдаланамыз?
Біз Сізге интернетте жақсырақ тәжірибе және тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Сіздің дербес деректеріңізді жинаймыз. Атап айтқанда, біз Сіздің дербес деректеріңізді мынадай мақсаттарда жинай, сақтай, пайдалана және аша аламыз:
- Егер Сіз біздің өнімдерімізді сатып алсаңыз, төлемдеріңізді өңдеу, Сізге тапсырысыңыздың мәртебесі туралы хабарлау, сұрауларыңызды өңдеу, сондай-ақ кез келген шағымды бағалау және өңдеу үшін;
- Сұрауларыңызды өңдеу және оларға жауап беру немесе сұрақтарыңызға және/немесе сұрауларыңызға жауап беру мақсатында Сізбен байланысу үшін;
- Біздің өнімдерімізді, қызметтерімізді, байланыс әдістерімізді және веб-сайттарымыздың функционалдығын әзірлеу және жақсарту үшін;
- Сізге ақпарат беру және жаңалықтар таратылымына немесе басқа хабарламаларға тіркелуіңізді және/немесе жазылымыңызды басқару үшін;
- Біздің байқауларымызға, ұтыс ойындарымызға немесе жарнамалық іс-шараларымызға қатысуыңызға не сұрауларыңызға байланысты күнделікті бизнес қажеттіліктерімізді басқару үшін;
- Бізбен телефон, электрондық құралдар арқылы немесе өзге тәсілмен байланысатын адамдардың жеке басын растау үшін;
- Ішкі оқыту және сапаны қамтамасыз ету үшін;
- Веб-сайтымызды, ағымдағы өнімдеріміз бен қызметтерімізді жақсарту және/немесе жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу мақсатында тұтынушылардың мүдделерін, тілектерін және өзгеретін қажеттіліктерін түсіну және бағалау үшін;
- Сізге және тұтынушыларға дербестендірілген өнімдер мен коммуникацияларды, сондай-ақ өнімдер бойынша ұсынымдарды беру үшін;
- Емшекпен емізуді қорғау аясында өнімдерді жарнамалауға тыйым салу туралы заң қолданылмайтын өнімдермен қамтамасыз ету үшін;
- Тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсарту және оңтайландыру үшін;
- Маркетингтік мақсаттарда, соның ішінде қосымша материалдарды/жаңалықтарды және жарнамалық материалдарды жіберу үшін;
- Тұтынушылардың қалаулары мен үрдістерін жақсырақ түсіну үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу мақсатында;
- Жарнамалық белсенділіктерді, соның ішінде іс-шаралар мен арнайы ұсыныстарды ұйымдастыру және өткізу үшін;
- Біздің интернет-дүкеніміз арқылы онлайн сатылымдарға жәрдемдесу үшін;
- Өнімдер туралы сұрауларды тиімді өңдеу үшін;
- Сатып алуларды тиімді басқару үшін;
- Тауарлар мен өнімдердің таратылуын бақылау үшін;
- Біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміздің сапасы мен сипаттамаларын үнемі жақсарту үшін;
- Тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты басқарудың тиімді стратегиясы (CRM) арқылы тұтынушылармен сындарлы қарым-қатынасты қолдау үшін;
- Бизнес-талдау және шешім қабылдау үшін есептер әзірлеу мақсатында;
- Тұтынушылардың болашақ мінез-құлқын болжау және жиналған деректер негізінде уақтылы, өзекті мазмұн мен ұсыныстар беру үшін профильдеу әдістерін пайдалану мақсатында;
- Тұтынушыларға өнімдер бойынша ұсынымдар немесе тамақтану бойынша ұсынымдар сияқты дербестендірілген ұсынымдар беру үшін;
- Ғылыми зерттеулер мен инновациялар мақсатында дербес деректерді жинау және өңдеу үшін:
«Stool Tracker» сияқты біздің қызметтерімізді пайдалануға келісе отырып, Сіз дербес деректеріңізді тек ғылыми зерттеулер мен инновациялар мақсатында жинауға және өңдеуге келісім бересіз. Бұл деректер иесіздендіріледі, яғни олардан тікелей сәйкестендіргіштер (мысалы, аты немесе электрондық пошта мекенжайы) алынып тасталады және олар ғылыми мақсаттарды ілгерілету, өнімдерді әзірлеу және денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер үшін пайдаланылады. Бұл деректерді пайдалана отырып ешқандай маркетингтік іс-шаралар немесе мақсатты жарнама жүргізілмейді. Деректер тек зерттеулер мен инновациялар үшін қажетті уақыт ішінде ғана сақталады.
Біз сондай-ақ заңды міндеттемелерді орындау үшін немесе Сізбен арамызда орнатылған шарттық қатынастар аясында Сіздің дербес деректеріңізді талап етуіміз мүмкін.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді жоғарыда аталған мақсаттар үшін немесе басқа мақсаттар үшін жинап, пайдаланған кезде, бұл туралы Сізге жинау алдында немесе жинау кезінде хабарлаймыз.
Қажет болған жағдайда біз дербес деректерді өңдеуге Сіздің келісіміңізді сұраймыз. Егер Сіз деректерді өңдеуге келісім берген болсаңыз, оны кез келген уақытта кері қайтарып алуға құқылысыз.
Сіздің құқықтарыңыз
Біз Сіздің дербес деректеріңізді өңдеген кезде Сіз бірқатар құқықтарға ие боласыз және оларды кез келген уақытта пайдалана аласыз. Төменде біз осы құқықтарға шолуды және олардың Сіз үшін нені білдіретіні туралы түсініктемені ұсындық.
Дербес деректеріңізге қол жеткізу және оларды түзету құқығы
Сіз кез келген уақытта өзіңіздің дербес деректеріңізге қол жеткізуге, оларды түзетуге немесе жаңартуға құқылысыз. Біз мұның маңыздылығын түсінеміз, және егер Сіз өз құқықтарыңызды пайдаланғыңыз келсе, бізбен байланысыңыз.
Деректерді тасымалдау құқығы
Сіздің дербес деректеріңіз тасымалданады. Бұл оларды электрондық түрде жылжытуға, көшіруге немесе беруге болатынын білдіреді. Алайда бұл құқық тек мына жағдайларда қолданылады:
- өңдеу Сіздің келісіміңізге негізделген;
- өңдеу шартты орындау үшін жүзеге асырылады;
- өңдеу автоматтандырылған тәсілмен жүзеге асырылады.
Егер Сіз деректерді тасымалдау құқығыңызды пайдаланғыңыз келсе, бізбен байланысыңыз.
Дербес деректеріңізді жою құқығы
Сіз мына жағдайларда деректеріңізді жоюымызды талап етуге құқылысыз:
- Сіздің дербес деректеріңіз біз оларды жинаған мақсаттарға байланысты бұдан былай қажет емес; немесе
- Сіз бұрын бізге берген дербес деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді кері қайтарып аласыз және оларды өңдеудің басқа заңды негізі жоқ; немесе
- Сіз біздің дербес деректеріңізді тікелей маркетинг мақсатында өңдеуімізге қарсысыз; немесе
- Сіз біздің дербес деректеріңізді Nutricia-ның заңды мүдделерінде (мысалы, веб-сайттардағы жалпы пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін) өңдеуімізге қарсысыз; немесе
- дербес деректер заңсыз өңделеді; немесе
- Сіздің дербес деректеріңіз заңға сәйкес жойылуы тиіс.
Егер Сіз біз сақтайтын дербес деректеріңізді жойғыңыз келсе, бізге хабарлаңыз, және біз заңнама талаптарына сәйкес Сіздің сұрауыңызға жауап беру үшін қажетті шараларды қабылдаймыз.
Егер біз жинайтын дербес деректер бұдан былай ешқандай мақсат үшін қажет болмаса және біз оларды заң бойынша сақтауға міндетті болмасақ, біз оларды жою, құрту немесе біржола иесіздендіру үшін барлық мүмкін шараларды қолданамыз.
Өңдеуді шектеу құқығы
Сіз мына жағдайларда дербес деректеріңізді өңдеуді шектеуге құқылысыз:
- Сіз бізде бар дербес деректеріңіздің дәл екеніне сенбейсіз; немесе
- дербес деректер заңсыз өңделеді, бірақ Сіз оларды жоюдың орнына олардың өңделуін шектегенімізді қалайсыз; немесе
- бізге Сіздің дербес деректеріңіз оларды жинаған мақсаттар үшін бұдан былай қажет емес, бірақ олар Сізге сот талаптарын қою, орындау немесе қорғау үшін қажет; немесе
- Сіз дербес деректеріңізді өңдеуге қарсылық білдірдіңіз және осы қарсылыққа байланысты Сіздің мүдделеріңіз деректеріңізді өңдеудің заңды негіздерінен басым екенін тексеруді күтудесіз.
Егер Сіз біздің дербес деректеріңізді өңдеуімізді шектегіңіз келсе, бізге хабарлаңыз, және біз заңнама талаптарына сәйкес Сіздің сұрауыңызға жауап беру үшін қажетті шараларды қабылдаймыз.
Қарсылық білдіру құқығы
Сіз кез келген уақытта дербес деректеріңізді өңдеуге қарсылық білдіруге құқылысыз. Бізбен байланысыңыз.
Қадағалаушы органға шағым беру құқығы
Сіз біздің дербес деректерді қалай өңдейтінімізге қатысты тікелей қадағалаушы органға шағым беруге құқылысыз.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді қалай қорғаймыз
Біз Сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігі маңызды екенін түсінеміз. Біз Сіздің дербес деректеріңізді заңсыз пайдаланудан, араласудан, жоғалудан, рұқсатсыз қол жеткізуден, өзгертуден немесе жария етуден қорғау үшін барлық мүмкін шараларды қолданамыз. Сіздің дербес деректеріңізді қорғау үшін біз бірқатар қауіпсіздік шараларын енгіздік. Мысалы, біз қол жеткізуді бақылауды жүзеге асырамыз, желіаралық экрандар мен қорғалған серверлерді пайдаланамыз, сондай-ақ дербес деректерді шифрлаймыз.
Сіздің дербес деректеріңізді беру
Біз Сіздің дербес деректеріңізді үлестес тұлғаларға және басқа ұйымдарға берген кезде, мұны тек Сіздің дербес деректеріңізді қорғайтын және құпиялылық туралы заңдарды біз сияқты немесе соған ұқсас тәсілмен сақтайтын ұйымдармен ғана жасаймыз.
Сіздің дербес деректеріңіз осы Құпиялылық туралы мәлімдемеде сипатталған жағдайлардан басқа кезде берілмейді, сатылмайды, жалға берілмейді немесе жария етілмейді. Алайда, егер бұл заңда көзделсе және/немесе мемлекеттік органдар талап етсе, біз Сіздің деректеріңізді бере аламыз.
| Үшінші тұлғалар санаты | Деректер түрі | Мақсаттар |
|---|---|---|
| Intracto, Combell | Жеке байланыс деректері, маркетинг және жарнама бойынша деректер | Жарнамалық науқандар, клиенттер туралы ақпаратты өңдеу, веб-хостинг |
| Selligent | Жеке байланыс деректері | Клиент деректерін өңдеу |
Деректерді трансшекаралық беру
Дербес деректер Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өңделуі мүмкін. Республикадан тыс өңдеу кезінде Nutricia деректерді осындай трансшекаралық өңдеудің тиісті қауіпсіздік шараларымен қорғалуын қамтамасыз етеді.
Деректерді трансшекаралық өңдеуді қорғау үшін біз қолданатын қауіпсіздік шараларына мыналар жатады:
- деректерді беру туралы стандартты келісім;
- Қазақстаннан тыс жерлердегі үшінші тараптардың дербес деректерді Еуропалық деректерді қорғаудың жалпы регламентіне (GDPR) сәйкес өңдейтінін растайтын сертификаттар. Бұл сертификаттарды Деректерді қорғаудың жалпы регламентіне сәйкес Еуропалық комиссия, құзыретті қадағалаушы орган немесе құзыретті ұлттық аккредиттеу органы бекітеді.
Сіздің дербес деректеріңіз сипатталған мақсаттар үшін мына елдерге беріледі:
| Деректердің орналасқан жері | Деректер түрі | Мақсаттар |
|---|---|---|
| Бельгия | Жеке байланыс деректері | Пайдаланушы тәжірибесі, маркетингтік мақсаттар және деректерді сақтау |
| Бельгия | Жеке байланыс деректері | Веб-хостинг |
Cookie файлдары және басқа технологиялар
Біз сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізді cookie файлдары және басқа технологиялар арқылы жинай аламыз. Бұл Сіз біздің сайттарымызға немесе үшінші тарап сайттарына кірген, біздің онлайн-акцияларымызды қараған немесе біздің/үшінші тарап мобильді қосымшаларын пайдаланған кезде орын алуы мүмкін және мынадай ақпаратты қамтуы мүмкін:
- Сіздің құрылғыңыздың браузері және операциялық жүйесі туралы ақпарат;
- Сіз пайдаланатын құрылғының IP-мекенжайы;
- Сіз қарайтын біздің веб-беттеріміз;
- Біздің қызметтерімізбен өзара әрекеттесу кезінде Сіз басатын сілтемелер.
Бұл туралы қосымша ақпаратты біздің Cookie файлдары саясатымыздан қараңыз.
Бізбен қалай байланысуға болады
Егер Сізде осы Құпиялылық туралы мәлімдемеге қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса, бізбен байланысыңыз:
- электрондық пошта: hotline.kazakhstan@danone.com
- телефон: 8 800 070 11 78