Балаңыздың тамақтануы және оған қажетті қоректік заттар туралы сұрақтарыңыз бар ма?
Баланы «ортақ дастарқанға» тым ерте ауыстырғандықтан, мұндай тағамдардың құрамында көбіне қуырылған немесе баланың ағзасына қорытуы қиын өнімдер болады. Егер балаңыздың сізбен бірге тамақтанғанын қаласаңыз, барынша қарапайым әрі буға пісірілген тағамдарды таңдаңыз.
NutriciaТМ баланың иммунитетін қолдауға және дамуына арналған, осы екі өнімінің негізгі айырмашылығы — олардың май құрамындағы ерекшеліктерінде.
Nutrilon®️ Premium Nutribiotik 3 және Nutrilon®️ Profutura®️ Duobiotik 3 құрамында когнитивтік функциялар мен көру қабілетін қосымша қолдауға арналған Омега-3 май қышқылдарының (DHA және EPA) мөлшері жоғары. Nutrilon®️ Profutura®️ Duobiotik 3 формуласы қосымша сүт майының жоғары мөлшерімен байытылған, ол қоспаның құрамын ана сүтіне барынша жақындатып, жеңіл қорытылуын және жағымды, нәзік кілегейлі дәмін қамтамасыз етеді.
Өзіне тән иіс құрамында балық майы бар болғандықтан пайда болады, балық майы май қышқылдарының көзі болып табылады.
Қоспаның органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі және т.б.) мен олардың байқалу деңгейі әртүрлі партияларда өзгеруі мүмкін, бұл тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне әсерін тигізбейді.
Nutrilon®️ 3 құрамында пайдалы бактериялардың өсуі мен белсенділігін ынталандыратын, патогенді микробиотаның көбеюіне кедергі келтіретін, ішек тосқауылын нығайтатын бірегей олигосахаридтер қоспасы бар, осылайша, инфекциялардың дамуының алдын алуға ықпал етеді.
Сонымен қатар Nutrilon®️ 3 құрамында дәрумендер мен минералдардан тұратын теңгерімді микронутриенттер кешені бар.
Nutrilon®️ 3 қоспасын дайындау кезінде жылы суды пайдаланған маңызды, қажет болған жағдайда, дайын қоспаны бірнеше минутқа қалдырып қоюға болады. Көбіктің түзілуін азайту үшін қоспаны қатты шайқамай, абайлап араластырып дайындауға кеңес береміз. Құрғақ қоспа бөтелкені айналмалы қозғалыспен жайлап шайқағанның өзінде суда ериді. Шамамен 5 минут күтуге болады, осы уақыт ішінде көбігі басылады.