Қандай керемет!
Сүйікті дыбыстар мен бұлшықеттерді нығайту кезі
2 айда Сіздің балаңыз білімқұмар бола бастайды, қоршаған әлемге көбірек қызығушылық таныта бастайды және оған ұйықтауға енді азырақ уақыт қажет болады. Ол алғашқы дыбыстарды саналы түрде айта бастайды, осылайша, болашақта сөйлеуге дайындала бастайды, сондықтан Сіздің балаңыздың осы даму кезеңі өте қызықты әрі әсерлі болады.
Соңғы 4 аптада сәби қалай дамыды?
Енді, 2 айында, сәби анасы мен әкесінің дауыстарын таниды және оларды естігенде, өзін жайлы сезеді. Сіздің дауыстарыңыз оның сүйікті дыбысы болуы әбден мүмкін. Бала өз мінезін айқын көрсете бастағанда, сіз оған не ұнайтынын және не ұнамайтынын түсіне аласыз. Сондай-ақ, Сіз енді сәбидің ұйқыны әлдеқайда аз қажет ететінін және көбірек ояу жүргісі келетінін байқайсыз.
Өмірдің 2 айындағы физикалық даму
Сәбилерде даму бастың жоғарғы жағынан өкшеге дейін кезең-кезеңімен жүреді: алдымен мойын бұлшықеттері басын ұстап тұру үшін нығайтылады, содан кейін - иық, кеуде және төменгі арқа. Баланың аяқтары соңғы кезекте дамиды және күшейеді.
Сәбидің бұлшықеттері күшейеді, енді жарқын эмоцияларды сезініп, ол қол-аяғымен бұлғай алады.
Баланың денесі өсе береді, бұл газдың көбірек түзілуіне әкелуі мүмкін. Егер ол ішке жатып басын қалай қысқа уақытқа көтеруді әзірше білмесе, онда ол жақын арада соған машықтана бастайды.
Заттарды ұстау және қысу
Бұл жаста Сіздің сәбиіңіз қолдарының қалай жұмыс істейтінін түсіне бастайды және оның туа біткен ұстау рефлексі әлсірейді. Ол күрделі және саналы қозғалыстарды қолдана отырып, заттарды зерттей бастайды. Оны тәжірибенің жаңашылдығы қызықтырады, сондықтан Сіз оған сәби үшін қауіпсіз және қолдануға оңай болуы тиіс жаңа заттарды зерттеуді ұсына отырып, оның қол-көз үйлестіруін дамытуға көмектесе аласыз.
Көру қабілетін дамыту
2 айда балалардың көру қабілеті әлі де дами береді. Алайда, қазірдің өзінде кейбір сәбилер жақын маңдағы нысандарға назар аудара алады. Осы кезеңде балалар жарқын өрнектер мен негізгі түстерді көре алады, бірақ оларға реңктер арасындағы айырмашылықты көру анағұрлым оңай болады.
Қарым-қатынас жасауды үйренеміз
Сіздің балаңызға Сізбен сөйлесу үшін сөздерді ұйқастыру қажет емес: ол Сіздің дауысыңызға инстинктивті түрде жауап береді, қарапайым дыбыстар шығарады, гуілдейді және әгугалайды. Уақыт өте келе Сіз олардың нені білдіретінін түсіне бастайсыз. Сіз сөйлеген кезде, Сіздің сәбиіңіз тіпті басын Сіздің дауысыңызға қарай бұра алады.
Жайлылық сезімі
Сіздің балаңыз енді анасының немесе әкесінің жанасуынан өзін жайлы және тыныш сезеді. Бейтаныс адамдардың жанасуы сәбиді жылатуы мүмкін. Бала Сіздің құшағыңызға тым тәуелді болады деп алаңдамаңыз, — оны қолға алып, ол сұраған кезде, әрдайым тербетіп отырыңыз. Көптеген балалар саусақтарын немесе емізік сорып, өздерін тыныштандырады.
Даму үшін тамақтану
Түнгі тамақтану Сіздің балаңыздың дамуында әлі де маңызды рөл атқарады. Ол оның өсуіне қажетті тамақтануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ ағзаға сүт түзуге ықпал ететін пролактин гормонын өндіруге көмектесу1.
Сіздің балаңыздың іші өте кішкентай, бірақ ол сонда да ана сүтін оңай қорытады.
Сіз баланың ұзақ, бірақ сирек тамақтана бастағанын байқай аласыз. Ол түнгі тамақтандырудан гөрі күндізгі тамақтандыруды қажет етеді немесе керісінше — бұл қалыпты жағдай, сондықтан оның қажеттіліктерін қанағаттандырыңыз. Сіздің ана сүті қорыңыз табиғи түрде сәбидің тәбетіне сәйкес бейімделеді.
Іштің түйілуін басу
Сәби ішінің түйілуі — осы жаста тамақтандыру кезінде жиі кездесетін мәселе. Өкінішке орай, олардың нақты себебі белгісіз. Мүмкін, сәби тамақтандыру кезінде көп ауа жұтып қойған шығар, бұл газдың түзілуін арттырады. Немесе оның ас қорыту жүйесі сүтті қорыту үшін әлі дамымаған шығар. Іштің түйілуі ана мен сәби үшін 2-3 сағат бойы жылап, тізесін кеудеге қарай тарту сияқты жағымсыз белгілермен байқалады.
1. NHS UK. Breastfeeding: The first few days [Online]. Available at: www.nhs.uk/Conditions/pregnancy-and-baby/pages/breastfeeding-first-days.aspx [Accessed April 2014]
Соңғы жаңарту: 2014 жылғы 13 тамыз.