Егер Сіз емшек сүтін сауып, тамақтандыруға Сіздің серіктесіңізді тартсаңыз, онда Сіз жұмысқа оралғанда және жанында бола алмаған кезде де, Сіздің сәбиіңіз барлық қажетті тамақтануды алуды жалғастырады. Өздігінен немесе қолмен немесе электр сорғымен сауу — өзіңіз шешесіз, ең бастысы, емшек сүтін дұрыс сақтаудың маңыздылығын есте сақтау маңызды.
Сіздің балаңыздың рационына сауылған емшек сүтін енгізу оның әл-ауқатын жақсарта алады. Мысалы, егер Сіз оған кешкі тамақтандыру ретінде кешкі сауылған сүт берсеңіз, онда Сіздің сәбиіңізді түнде ұйықтауға жатқызу мүмкіндігіңіз арта түседі.
"Емшек сүті тоңазытқышта 4oC-тан төмен температурада 3 күнге дейін сақталады."
"Емшек сүті мұздатқышта 6 айға дейін 18oC-тан төмен температурада сақталады."
Емшек сүтін сауу Сіздің балаңызға емшек сүтімен емізе алмаған кезде, барлық қажетті тамақтануды қамтамасыз етеді.
Емшек сүтін қалай саууға болады
Егер Сіз баладан алыс болсаңыз, біршама уақытқа жұмысқа шықсаңыз, бірақ емшек сүтімен тамақтандыруды жалғастырғыңыз келсе, Сізге сүтті сауу қажет болуы мүмкін. Қандай әдісті қолдансаңыз да, қолыңыздың таза болуын және барлық бөтелкелердің, контейнерлердің және бөлшектердің жуылғанын және зарарсыздандырылғанын қамтамасыз ету маңызды. Саууды ынталандыру үшін емшекке массаж жасаңыз.
Қолмен қалай саууға болады
Бас бармақты, сұқ саусақты және ортаңғы саусақты С пішінді етіп, емшегіңізге басыңыз. Кеудеге басыңыз, содан кейін сүттің шығуына көмектесе отырып, алға жылжытыңыз. Қысымды босатыңыз да, қайталаңыз. Сүтті жинау үшін Сізге кең саңылаумен контейнер қажет болады. Сәтті сауу үшін Сізге босаңсып, өзіңізді жайлы сезіну керек, балаңыз туралы ойлар да процеске жақсы көмектеседі. Басында Сіз тек бірнеше тамшыны ғана сауып алуыңыз мүмкін, бірақ бұны неғұрлым жиі жасасаңыз, сүт соғұрлым көп өндіреледі.
Төс сорғы көмегімен қалай сүт саууға болады
Қол төс сорғы
Төс сорғыда Сіз емізік пен ареоланың үстіне қоятын шұңқыр бар. Кейбіреулері тұтқамен, ал басқалары батареялармен жұмыс істейді. Мұндай сауу алдында кеудеге массаж жасау ұсынылады, содан кейін төс сорғыға қоса берілген нұсқауларды орындаңыз.
Электр сорғы
Бұл жылдам және қолдануға оңай сорғылар ұзақ уақыт бойы сауу қажет болса, мысалы, балаңыз жаңа туған сәбилер бөлімінде болса, жақсы. Сіз сүтті қалағаныңызша жиі сауа аласыз, сонымен қатар екі кеудеңізді бір уақытта сауа аласыз; неғұрлым көп сорсаңыз, ағаза соғұрлым көп сүт өндіреді. Егер Сіздің балаңыз ерекше күтімде болса, бөлімде төс сорғы болуы мүмкін. Өндірушінің нұсқауларын әрқашан мұқият орындаңыз.
Төс сорғы көмегімен қалай сүь саууға болады
Қоюландырылған ана сүтін зарарсыздандырылған контейнерлерде сақтау керек және Сіздің оларды сауалған күні мен ішіндегі сүт көлемімен белгілегеніңізге көз жеткізіңіз.
Ана сүті қаншалықты ұзақ сақталады?
Барлық ана сүті таза қолмен сауылғанына және барлық бөтелкелер, контейнерлер мен сорғы бөлшектері жуылғанына және зарарсыздандырылғанына көз жеткізіңіз. Егер барлық ережелер сақталса, онда Сіз сүттің жарамдылық мерзімін келесі мәліметтер бойынша есептей аласыз:
Емшек сүті тоңазытқышта қанша уақыт сақталады?
- 3 күн бойы
- Егер тоңазытқыштағы температура 4oC-тан төмен болса, оны 5 күнге дейін сақтауға болады
Емшек сүті мұздатқышта қанша уақыт сақталады?
- Егер мұздатқыштың температурасы 18oC болса, сүтті 6 айға дейін сақтауға болады.
- Қайта еріген емшек сүтін мұздатпаңыз.
- Ерітілген сүтті 2 сағат ішінде тұтыну керек.
Емшек сүті бөлме температурасында қанша уақыт бойы сақталады?
- 4 сағат бойы
Сауылған емшек сүтін қалай жылытуға болады?
Бөтелкені жылы суға салып немесе жылы су ағынының астында ұстау арқылы сауылған емшек сүтін жылытыңыз. Сондай-ақ, Сіз балаңызға сауылған суық емшек сүтін де бере аласыз. Оны микротолқынды пеште қайта қыздырмаңыз, себебі ол сүтте ұйынды түзеді және оның құрамындағы иммундық қорғаныс функциялары төмендейді.
Мұздатылған емшек сүтін қалай ерітуге болады?
Тоңазытқышта еріту — ең жақсы әдіс. Егер Сізге сүтті тезірек еріту қажет болса, онда бөтелкені жылы суға салыңыз немесе оны жылы су ағынының астында ұстаңыз. Еріген емшек сүтін қайта мұздатпаңыз. Микротолқынды пеште қыздыру сүтте ұйынды түзеді және оның құрамындағы иммундық қорғаныс функциялары төмендейді.
Емшек сүтін қашан сауу керек?
Сіздің емшек сүтіңіз тәулік уақытына байланысты өзгереді және әртүрлі сүт Сіздің балаңыздың ұйқы цикліне әртүрлі әсер етеді. Мысалы, Сіздің түнгі емшек сүтіңізде ұйқы гормоны мелатонин бар. Демек, тамақтандыру кезінде сүттің қашан сауылғанын ескеру қажет. Бұл сәбидің күннің дұрыс уақытында дұрыс сүт алатынына көз жеткізу үшін қажет.
- White, R. Circadian variation of breast milk components and implications for care. Breastfeed Med, 2017;12(7):398-400.
- Eglash, A. and Simon, L. Breastfeed Med, 2017;12(2):390-395.
- nhs.uk. (2019). Expressing and storing breast milk. [online] Available at: https://www.nhs.uk/conditions/pregnancy-and-baby/expressing-storing-breast-milk/ [Accessed 19 Dec. 2019].
- Bowles, B. Clinical Lactation, 2011;2(4):21-24.
- Green, D., et al. Early Hum. Dev., 1982;6(2):153-159.
- Orlando, S. J Obstet Gynecol Neonatal Nurs, 1995;24(7):678-683.
Соңғы жаңарту күні: 2020 жылғы 16 сәуір
Nutricia Медициналық және ғылыми мәселелер жөніндегі тобы дайындады