Уақыттың мәні
Жаңа туған нәрестемен байланысты қалай нығайтуға болады
Балаңызбен байланыс орнату, егер ол Сізден тамақ алмаса да, табиғи түрде болады, сондықтан мұндай перспективадан қорықпаңыз. Сондай-ақ, үшеуі де (сәби мен ата-ана), сондай-ақ барлық жақын туыстары жаңа туған нәрестеңізге отбасында болу сезімін беру үшін бірге уақыт өткізуі маңызды.
Байланыс құру
Міне, балаңызбен байланыс сезімін қалыптастырудың бірнеше қарапайым әдістері:
- Тамақтану кезінде балаңызды өзіңізге жақын ұстаңыз.
- Қолдары мен аяқтарын ақырын қозғалтыңыз.
- Оған алғашқы бірнеше аптадағыдай массаж жасаңыз.
- Оны қолыңызға алып, тербетіңіз.
- Оған қол тигізіңіз
Физикалық жанасу – Сіздің балаңызбен байланыс орнатудың ең жақсы тәсілі, өйткені ол:
- Балаға қорғаншылық пен қауіпсіздік сезімін сыйлайды.
- Қоршаған әлемді тартымды етеді.
- Кішкентай бала Сізге жауап бере алатын қарым-қатынас әдісін жасайды.
Баламен неғұрлым көп жанасатын болсаңыз, байланысыңыз соғұрлым күшті болады. Бірақ сәбиге өзара қарым-қатынас жасау үшін уақыт қажет болса, ренжімеңіз – екеуіңіз де бір-біріңізге үйрену үшін біраз уақыт қажет болады.
Соңғы жаңарту: 2015 жылғы 19 қараша